Сауранда “Таза Қазақстан” акциясы аясындағы сенбілікте 76 тонна қоқыс шығарылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Сауранда “Таза Қазақстан” акциясы аясындағы сенбілікте 76 тонна қоқыс шығарылды

Бүгін аудан көлемінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік жұмыстары өткізілді. Сенбілікке ауылдық округтер мен дербес бөлімдер, тұрғындар мен мекеме қызметкерлері біркісідей атсалысып, жол жиектері мен көшелердегі қоқыс пен қалдықтарды шығарып, ауданның тазалығына өз үлестерін қосты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Акция шарасы Шорнақ ауылдық округінде, «Түркістан-Шымкент», «Түркістан-Шәуілдір», «Түркістан-Кентау» бағыттары мен С.Қожанов елді мекеніндегі ұйымдастырылған сенбілікке жұмысына – 398 адам қатысты. Нәтижесінде 76 тонна қоқыс шығарылып, оған 13 техника жұмылдырылды.

Бұл шара жолда жүрген жүргізушілер мен жолаушылар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға және жол жиегінің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды. «Тазалық — денсаулық кепілі» екенін ұмытпауымыз керек. Сондықтан аудан тұрғындарына, өз аулаларыңызды таза ұстауға, тазалық шараларын сақтауға шақырамыз!

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...