М.Таңғатаров: Инвестиция көлемін арттыру бағытында жұмысты жандандыру керек — Xnews — ақпарат агенттігі

М.Таңғатаров: Инвестиция көлемін арттыру бағытында жұмысты жандандыру керек

Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен ауданның кеңейтілген мәжілісі болып өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, кеңесшілері, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.

Мәжілістің күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Онда аудандық әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің 2024 жылғы бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильяс Мырзахметов, кәсіпкерлік және туризм бөлімінің 6 айда атқарған жұмыстары туралы кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Сұлтанғали Шакиров баяндама жасады.

Кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Сұлтанғали Шакировтың мәлімдеуінше 2024 жылдың қаңтар-маусым айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 3 942,5 млн. теңгеге жеткен. Бекітілген кешенді жоспарға сәйкес, 2024 жылға негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 42,0 млрд. теңге болып белгіленген. Аталған жоспар 146,7 пайызға немесе 19 млрд. 584,5 млн теңгеге орындалғанын жеткізді.

Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды міндеттеді.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...