АЭС — жасыл экологияға жол — Xnews — ақпарат агенттігі

АЭС — жасыл экологияға жол

Бүгін Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-де Шымкент қалалық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың қатысуымен “АЭС: өзекті мәселелерді шешу жолы” атты жиын өтті.

Жиынның мақсаты атом энергиясын дамытудың жан-жақты тетіктерін, пайдасын, болашағын жастарға жете түсіндіру болды. Лекцияға түрлі салада білім алып жатқан жастармен қатар университет ғалымдары, сарапшылық топ мүшелері қатысты.

Ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі Сайпжамал Қорғанова “АЭС — жасыл экологияға жол” тақырыбында баяндама жасап, АЭС салудың еліміз үшін маңызын жеткізді. Сондай-ақ профессор Халима Сартаева бейбіт атомның артықшылықтарына тоқталды. Жастар да ашық әңгімеге араласып, сұрақтарына жауап алды.

Жиын соңында қатысушылар АЭС салу бойынша жалпыұлттық референдумға қатысуға қолдау көрсететіндіктерін жеткізді.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...