Биыл Сауран ауданында 15 мың тонна астық жиналмақ — Xnews — ақпарат агенттігі

Биыл Сауран ауданында 15 мың тонна астық жиналмақ

Түркістан облысында егін алқаптарының көлемі жыл сайын ұлғайып келеді. Бұл – өңірде мемлекеттік бағдарламалардың сәтті жүзеге асуының нәтижесі,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл Сауран ауданы бойынша 43 798 гектар жерге егін егілді. Оның ішінде, астық дақылдар 4288 гектарды құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,7%-ға артып отыр.

Бүгінде аудан көлемінде астық дақылдарының 87%, яғни, 3734 гектар жерге егілген бидай орылды. Орташа өнімділігі 30 центнерді құрады. Нәтижесінде, 12 480 тонна өнім жиналды. Осылайша, диқандар шілде айының соңына дейін астықты толығымен орып, 15 мың тонна өнім алуды жоспарлап отыр.

Шаруалар жиналған өнімнің бір бөлігін 2025 жылы егілетін астық дақылдарының тұқымына қалдырмақ. Қалған бөлігін мал азығына және аудан тұрғындарының қажеттілігіне сатылымға шығарады.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...