М.Таңғатаров: Су үнемдеу технологияларын қолға алу бағытында жұмысты жандандыру керек — Xnews — ақпарат агенттігі

М.Таңғатаров: Су үнемдеу технологияларын қолға алу бағытында жұмысты жандандыру керек

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен ауданның кезекті апталық мәжілісі болып өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, кеңесшілері, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжілістің күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Онда облыс және аудан әкімдерінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуы бойынша аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Жанболат Сайлау, ауыл шаруашылығы бөлімінің 6 айда атқарған жұмыстары туралы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бекзат Абубакиров баяндама жасады.

Сонымен қатар, аудан әкімінің жеке қабылдауларының орындалу барысы туралы аудан әкімі аппаратының құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Мөлдір Темірхан, Қарашық ауылдық округі әкімінің ағымдағы жылдың 6 айында атқарған жұмыстары мен алдағы жұмыс жоспарлары туралы ауылдық округ әкімі Сәкен Орзабаев хабарлап өтті.

Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бекзат Абубакировтің мәлімдеуінше Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін 2024-2028 жылдарға 2 есеге ұлғайту жөніндегі жол картасы бойынша Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасымен бекітілген. 2024 жылға арналған тапсырмаға сәйкес, ауыл шаруашылығы жалпы өнімі көлемінің тапсырмасы 112,1 млр. теңге болса, 6 айдың қорытындысымен орындалуы 8,7 млрд. теңге болып, жоспар 100,5% құраған.

Су үнемдеу технологияларын 4839 гектарға ендіру бойынша тапсырма берілген. Оның ішінде тамшылатып суару — 400 гектар, жаңбырлатып суару — 4439 гектарды құрайды. Қазіргі таңда ауданда 1119 гектар жерге су үнемдеу технологиясы орнатылған. Оның ішінде тамшылатып суару – 165 гектар, жаңбырлатып суару – 954 гектарды құрап отырғанын атап өтті. Берілген тапсырманы толық орындау үшін бекітілген жоспарға сәйкес, ауылдық округ әкімдеріне тиісті жұмыстарды жандандыру керектігін жеткізді.

Мәжілісті қорытындылыған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне орын алған кемшіліктер бойынша шұғыл түрде жұмыс жасауға нақты тапсырмалар берді.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...