АЭС саларда бірнеше сұрақтың жауабын алуымыз керек — Xnews — ақпарат агенттігі

АЭС саларда бірнеше сұрақтың жауабын алуымыз керек

Біз энергия дефицит кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. «Бізге АЭС керек па?»- деген сұрақтың өзі қате деп түсінемін. Бізге АЭС керек. Біздегі басты сұрақ: Атом электр станциясын қайда саламыз? Қалай саламыз? Кімдер салады?

Жалпы Қазақстанның энергетикалық картасы екіге бөлінеді. Оңтүстік пен солтүстік екі бөлек. АЭС салар кезде осы екі бөлікті байланыстыра алуды назарда ұстауымыз керек. Себебі, бүгінгі таңда еліміздің оңтүстік бөлігінде энергия жетіспеушілік байқалғанымен, солтүстік өңірлерде өндіріс орындары көп. Алдағы уақытта теріскей жақтарда да энергияның жетіспеушілігі артуы мүмкін. Сол үшін де АЭС салар кезде екі бөліктің байланысын орнату маңызды сұрақ болуы керек деп есептеймін.

Амангелді Қалыбек,
«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының сарапшысы

x

Check Also

Әлеуметтік қолдау, экология және кәсіпкерлік: сайлауалды үгіт-насихаттың басты тақырыптары

Сайлауалды науқан аясында саяси партиялар еліміздің әр өңірінде түрлі іс-шара өткізіп жатыр. Кездесулерге еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер, сарапшылар ...

Пробежки, дебаты и разговор без галстуков: как проходит предвыборная гонка в Казахстане

Пока одни выходят на пробежку, другие устраивают общественные слушания, отправляются в села, обсуждают проблемы бизнеса или встречаются с семьями, воспитывающими ...