«Таза Қазақстан»: Сауран қалашығында тазалық жұмыстары жүргізілді — Xnews — ақпарат агенттігі

«Таза Қазақстан»: Сауран қалашығында тазалық жұмыстары жүргізілді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына орай Сауран ауданында сенбілік ұйымдастырылды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы 150-ге жуық адам қатысқан тазалық шарасында Сауран қалашығының маңы күл-қоқыстан тазартып, арам-шөптерін шапты. Сенбілікке Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев және арнайы БАҚ өкілдері мен жастар қатысты.

Шығармашылық топ өкілдері 1-10 тамыз аралығында Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау және Атырау облыстарына сапарға шығып, елімізде жүріп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын кеңінен насихаттау арқылы өңірлердегі тарихи-мәдени, туризм бағытындағы көрікті орындардың тазалығына атсалысады. Аталған игі шараға мұрындық болған Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Айғақ» ТРК бас директоры Дулат Әбіштің айтуынша, 14 адамнан құралған делегацияда өңірдің жергілікті журналистері бар.

Облыс әкімінің орынбасары барша жерлестерді табиғатты аялауға, тазалық сақтауға шақырды. Игі бастаманы қолға алған БАҚ өкілдеріне ризашылығын айтып, сәтті сапар тіледі. Сондай-ақ, Сауран қалашығының ішкі бөлігін тазалау барысында облыс әкімінің орынбасары тарихи нысанды қалпында ұстап қалу үшін жасалып жатқан жұмыстарымен бөлісті.

Айта кетейік, елімізде республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып жатыр. Акция басталғалы Түркістан облысында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...