14 жастағы оқушы қыз домбыра жасайды — Xnews — ақпарат агенттігі

14 жастағы оқушы қыз домбыра жасайды

Түркістандық 14 жасар оқушы қыз домбыра жасайды. Келес ауданы N47 Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Кәусар Сүндетқұл жас кезінен еңбекқор. Көп балалы өнерлі отбасында өсіп жатқан Кәусар атасына көмектесіп домбыра, қобыз, ұлттық жәдігерлер мен қолөнер бұйымдарын жасайды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Менің атам 20 жылдан бері қолөнермен айналысады. Атамның кішкентай кезінен қасында жүріп, жасаған заттарына ұлттық оюды бедерлеп, кейде өзім де түрлі бұйымдар жасаймын. Маған бұл қатты ұнайды. Сабақтан кейін үйге қарай асығамын, бос уақытымды тиімді өткізгім келеді. Мектепте көркем еңбек пәні қатты қызықтырады, – дейді талантты оқушы.

Атасы мен немересінің жасаған қолөнер бұйымдары, домбыралары түрлі көрмелерге қойылған. Ауыл тұрғындары арасында да сұранысқа ие. Жас шәкірттің өзі оқуда озат, түрлі деңгейдегі байқауларда жеңіс тұғырынан көрініп келеді.

x

Check Also

Түркістан облысы Сауран ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, Шорнақ ауылында бой көтерген жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. ...

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...