Сауранда өңірдің бас имамы кездесу өткізді — Xnews — ақпарат агенттігі

Сауранда өңірдің бас имамы кездесу өткізді

Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Ержан Төлепов кездесу өткізді. Жиынды аудан әкімі аппаратының басшысы Бахытжан Полатов ашып, жүргізіп отырды. Кездесуге ауданның бас имамы Бауыржан Акауов, дін өкілдері қатысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Ержан Сматұлы бүгінгі таңда Түркістан облысындағы діни ахуал жайлы және атқарылып жатқан жұмастарды кеңінен баяндап өтті. Түркістан өңірі бойынша ҚМДБ-на қарасты мешіттер саны — 768 құрайды. Онда 1200-дей дін қызметкерлері жұмыс атқарады. Сонымен қатар, облыстық өкіл имамының мәлімдеуінше облыс көлеміндегі мешіттердің құжаттарын толық заңдастыру қажеттігін айтып, бұл бағытта ауданға қарасты барлық мешіттердің жұмыстарын жандандыру керектігін жеткізді.

Жиын соңында аудан әкімі аппаратының басшысы Бахытжан Полатов ҚМДБ Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Ержан Төлепов тарапынан айтылған барлық ұсыныстарына қолдау көрсететінін жеткізді. Сонымен бірге, өңірдің бас имамына алғысын білдіріп, арнайы алғас хат пен сый құрметін көрсетті.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...