Сауран: Жол құрылысының сапасы бақылауда — Xnews — ақпарат агенттігі

Сауран: Жол құрылысының сапасы бақылауда

Бүгін, аудан әкімі Мақсат Таңғатаров “Бабайқорған-Абай” елді мекендерінің арасындағы аудандық маңызы бар жолына жүргізіп жатқан асфальт төсеу жұмыстарының сапасын бақылады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда жергілікті тұрғындармен кездесіп, олардың шағымдарын тыңдады. Аталмыш аймақтың 9 шақырым автожолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бақылау барысында жолдың кейбір тұстарында асфальт жабындысының қалыңдығы нормаға сәйкес еместігі анықталды. Осы анықталған кемшіліктер бойынша мердігер мекеме қайта түзеу жұмыстарын өз есебінен жүргізетін болады.

Сонымен қатар, аудан әкімі мердігер мекеме басшылығына асфальт төсеу жұмыстарының сапалы болуын ескеруді айтып, техникалық талаптарға сай әрі уақытылы аяқталуына баса назар аудару қажеттілігін алға тартты. Нысанды тексеру аяқталғаннан соң, аудан әкімі жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Жолдас Мырзабековке жөндеу жұмыстарын жеке бақылауға алуды тапсырды.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...