Президент Жолдауы жауапкершілік жүктейді

Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақпараттық-түсіндіру тобы Испиджап тұрғын алабында жергілікті тұрғындармен кездесті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы талқыланған жиынға қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Б.Жалмұрзаев, Еңбекші аудандық Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы З.Жайшыбеков, Еңбекші аудандық өзбек этномәдени бірлестігі филиалының жетекшісі Б.Мырзахметов және қалалық «Қоғамдық келісім» мекемесі мен Еңбекші ауданы әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері қатысып, жиналған жұртшылыққа Жолдаудың мән-маңызын түсіндірді.

Еліміздің экономикасын жақсартып, халықтың әл-ауқатын арттыруды көздеген Жолдаудың барша ел азаматтарына ауқымды жауапкершілік жүктейтіні жеткізіліп, саяси құжаттың басым бағыттары бойынша тұрғындардың ой- пікірлері тындалды. 

Кездесу соңында Атом электр станциясын салу бойынша  биылғы 6 қазанға белгіленген жалпыұлттық референдумға қатысып, азаматтық ұстанымын білдіру – кәмелет жасқа толған әрбір қазақстандықтың мерейлі міндеті екені айрықша айтылды.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...