Сауранда жаңа оқу жылында 4 бірдей мектеп ашылды (видео) — Xnews — ақпарат агенттігі

Сауранда жаңа оқу жылында 4 бірдей мектеп ашылды (видео)

Сауран ауданында 1 қыркүйек – Білім күні жоғары деңгейде аталып өтті. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров білім күнінде 4 мектептің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға жиналған көпшілікті білім күнімен құттықтап, оқушыларды еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосуға шақырды.

– Баршаңызды тағы да бүгінгі білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Сіздерге бүгінгі ерекше күні жаңа жетістіктер мен ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін! Жаңа оқу жылы барлығыңыз үшін сәтті және жеңісті жетістіктері көп болсын! – деді Мақсат Асылбекұлы.

Биылғы оқу жылына 4 мектеп пайдалануға беріліп отыр, оның 1-еуі мемлекеттік, 3-уі жекеменшік мектеп. Ал жыл соңына дейін «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 3 мектеп пайдалануға беріледі. Атап өтсек, С.Қожанов елді мекеніндегі 300 орындық, Еңбекші Дихан елді мекеніндегі 600 орындық, Аша елді мекеніндегі 600 орындық білім ұялары оқушыларға есігін айқара ашатын болады.

Келесі жылы Ынталы мен Құмтүйін елді мекендерінде 600 орындық екі мектептің құрылысы аяқталмақ. Аудан бойынша 56 орта білім беру ұйымдары болса, оның 41-і мемлекеттік, 15-і жекеменшік. Онда 23 911 оқушы білім алуда, оларға 3578 ұстаз қызмет етеді. Биылғы оқу жылына 2228 бүлдіршін 1-сыныптың табалдырығын аттады.

© «Turkistan» телеарнасы

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...