Сауранда конституция күніне орай, сенбілік өтті

Сауран ауданында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында көгалдандыру және тазалық жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауданға қарасты 12 ауылдық округінде және білім бөліміне қарасты 42 мектеп өз аумақтарында жаппай сенбілік жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, экологиялық акция аясында әктеу сырлау, арық-атыздары тазалау жұмыстары қатар атқарылуда. Оған аудан тұрғындары, белсенді жастар мен еріктілер де қатысуда.

Сенбілікте ауылдық округтердегі көше бойлары тазаланып, ретсіз өскен бұталар алынып, талдардың түптері әктелді. Аяқ жолдар тазаланып, саябақтар және скверлер ретке келтірілді. Көпірлерді, өзендердің, каналдар мен бұлақтардың арналары тазаланды. Жалпы сенбілік, тазалық жұмыстарына 828 адам қатысып, 5 техника жұмылдырылды. Сенбіліктің нәтижесінде 41 тонна қоқыс шығарылды. Экологиялық акция жұмыстары күнделікті қарқын алып, өз жалғасын табатын болады.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...