Түркістанда ел тірегіне айналған Конституция күні аталып өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда ел тірегіне айналған Конституция күні аталып өтті

Түркістан қаласында 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Тәуелсіздік тірегі – Ата заң» атты мерекелік жиын өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты шараны қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев ашып, көпшілікке шаһар басшысының мерекелік құттықтауын жеткізді. Еліміздің Ата заңына арналған мерекеге зиялы қауым өкілдері мен қалалық мәслихат депутаттары қатысты.

Шарада Түркістан қаласының дамуына үлес қосқан әр саланың үздіктеріне Алғыс табысталып, құрмет көрсетілді. Қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев жиында сөз алып, ізгі ниетін жеткізді.

Жиын қалалық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Рухты көтеретін әндер шырқалып, патриоттық қойылымдар көрермен назарына ұсынылды. «Семсер тобы» ән шырқаса, қалалық мәдениет үйінің әншілері және «Яссы халықтық би ансамблі» көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Конституция мемлекетіміздің ең басты құндылығы – адам және адамның құқығы мен бостандығының кепілі. Еліміздің басты құжаты қабылданып, қолданысқа енгеніне биыл – 29 жыл толып отыр!

x

Check Also

Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесіп, жеке ...

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...