Сауран: Тапсырмалардың орындалуы бойынша жиналыс өтті

Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаевтың төрағалығымен бүгінгі таңға дейін аудан әкімінің апталық мәжілістерінде берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша жиналыс болып өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен мамандары және тиісті сала өкілдері қатысты. Мәжілістің күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Атап өтсек, міндетті әлеуметтік мидициналық сақтандыру жүйесі, отбасының цифрлық картасы, ғимараттарды бейімдеу, әскерге шақыру бойынша тапсырмалардың орындалуы сұралды.

Жиналыстың күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық емхананың бас дәрігерінің орынбасары Нұрсұлтан Қарабаев баяндама жасады. Баяндамашының мәлімдеуінше аудан әкімінің өкімімен медициналық сақтандыру жүйесінде халыққа медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жоғарылату мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, өз деңгейінде жұмыс жасамай жатқан ауылдық округтерін атап өтті.

Отбасының цифрлық картасы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дәуірхан Асылбек хабарлап өтті. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, отбасының цифрлық картасы деректерін, өзектендіру мақсатында мүдделі органдардың өкілдерінен аудандық және ауылдық деңгейлерде жұмысшы топ құрылып, жұмыс жасау керектігін жеткізді. Сонымен қатар, әскерге шақыру, ғимараттарды бейімдеу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар аталып өтті.

Жиналысты қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша өз деңгейінде орындамаған ауылдық округтер мен тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріп, толық орындауды міндеттеді.

x

Check Also

Түркістан әкімі құрылыс нысандарын аралады

Бүгін Әзімбек Пазылбекұлы қаладағы бірқатар құрылыс нысандары мен қала аумағын аралады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ең алдымен ...

Түркістан облысында биыл 50 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын іске асыру бойынша елімізде «Жайлы мектеп» жобасы аясында ауқымды жұмыстар қолға алынып жатыр. Ел Президентінің ...