Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «2024 жылдың I жартыжылдығындағы Еңбекші ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
Еңбекші ауданының қазіргі таңда ауыз сумен қамту көрсеткіші 97%-ды құрайды. 2024 жылы Жастар көшесі мен «Қазығұрт» станция аумағындағы 102 абонентті және Оңтүстік-Жаңақұрылыстағы 989 абонентті сапалы ауыз сумен қамту мақсатында ЖСҚ әзірлеу жоспарланған.
Ал электр жарығы бойынша аудандағы 29 шағынаудан мен тұрғын алаптардың электр жүйесімен қамту көрсеткіші мемлекеттік 98,6%, жекеменшік жүйе 1,2%, ал, қамтылмаған 0,2% (жаңақұрылыс учаскелері) құраған.
2023 жылы Исфиджаб, Достық (1356 абонент) тұрғын алаптардағы жеке меншік жүйедегі электр желісің ауыстыру үшін «DIAS Проект» ЖШС мердігер мекемесі тарапынан ЖСҚ әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Одан бөлек, ОЖТ тарапынан 9 трансформатор ауыстырылып, 16,7 шақырым желі жаңартылған.
Қазіргі таңда, «Сайрам» жобасы бойынша бастапқы қаржы қаралып, «Қазеурострой» ЖШС мердігер мекеме болып анықталды. Құрылыс жұмыстары 2025 жылға өтпелі.
Таза ауыз су мен электр жарығы – халық игілігі үшін пайдалануға берілуде
Бүгінгі күнде Еңбекші ауданының аумағы 22 800 гектар құрап, халық саны 228 830 болды. Ауданда 18 тұрғын алаптар және 11 шағынаудандар бар.
Еңбекші ауданында 728 көшелер мен өткелдер, 2 саябақ 3 гүлзар, 283 көпқабатты және 37061 жеке тұрғын үйлер орналасқан. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында еңбекші ауданының әкімі Есілбек Досбол Күздікбайұлы баяндады.
Инфрақұрылым: Аудан аумағындағы 29 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған.
Атап айтсақ:
— Ауыз сумен 97%-ға;
— Электр жарығымен 99,8%-ға;
— Табиғи газбен 90,7%-ға;
— Кәріз жүйесімен 41%-ға
— Асфальт жолмен 73,1%-ға қамтылған.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Еңбекші ауданында инфрақұрылым жүйелерін дамыту туралы 2022-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасымен бекітіліп, жұмыстар жүргізуде.
Табиғи газбен және кәріз жүйесімен қамтуға барынша көңіл бөлініп, жағдай жасалуда
Ауданда табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші 90,7% құрайды. Оның ішінде: мемлекеттік жүйеде 73%, жекеменшік жүйедегі 17,7%-ды құрайды. Қамтылмаған 9,3%-ды мемлекеттік жүйемен қамту 2024-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарына енгізілген.
Ал, кәріз жүйесімен қамтылу жағдайы 41%-ды құрайды. Аудан аумағында «Ұлағат» шағынауданында кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталып, Қазіргі таңда құрылыстың сапасыз атқарылуына байланысты тапсырыс беруші экономикалық тергеу департаментіне тексеру жүргізуге жүгінген.
Жұлдыз тұрғын алабындағы көпқабатты 27 үйді (175 пәтер) кәріз жүйесімен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілді. Базарқақпа т.а. Достық көшесінің бойындағы көпқабатты тұрғын үйлерге (270 абонент) кәріз жүйесін жүргізу «Шабыт-21» ЖШС-і тарапынан ЖСҚ әзірленуде.
Спорт алаңшаларының көбеюі — дені сау ұрпақ болашағының кепілі
Аудан бойынша 283 көпқабатты үйлер 132 аулаға біріктірілген. 2021 жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда. Бұл дегеніміз тұрғындар өз ұсыныстарын жасау арқылы, жергілікті бюджеттің қалыптасуына қатысады.
2024 жылы 47 көпқабатты үйдің аулаларын абаттандыру және жеке секторда 18 мекен-жайда кешенді балалар ойын алаңшасын орнату жоспарлануда. Қазіргі таңда 20-нысанда балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілуде.
Қалған абаттандыруды қажет ететін 36 ауланы абаттандыру 2025 жылға жоспарлануда. Қазіргі таңда аудан аумағында 56 дана ашық спорт алаңшалары орналасқан.
2024 жылы 8 ашық спорт алаңшасын орнату жоспарлануда. 2-нысанда жұмыстар басталды. 6-нысан бойынша мемлекеттік сатып алу іс-шарасы жүргізілуде. Ал Еңбекші ауданы әкімі аппараты тарапынан 2024 жылы 5 гүлзар салу жоспарлануда. Мердігер мекемелермен келісім шарттар түзіліп, жұмыстар қарқынды жүргізуде.
Баспасөз конференциясының толық нұсқасын https://www.facebook.com/share/v/A14yZKx6WaWhpGX6/?mibextid=WaXdOe сілтемесіне өту арқылы көре аласыздар.