Шымкентте сапалы интернетпен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте сапалы интернетпен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Шымкент қаласында елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалалық цифрландыру басқармасының қолдауымен және жеке инвестор FISHNET компаниясының қатысуымен Самал-2, Наурыз шағынаудандары талшықты оптикалық интернет желісімен қамтылды.

Қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов Наурыз шағынауданы тұрғындарымен кездесіп, жоғары жылдамдықты интернеттің сапасын тексерді және атқарылып жатқан жұмыстардың барысын түсіндірді.

Жоспарға сәйкес, Самал-2, Наурыз және Асар-2 шағынаудандары кең жолақты, талшықты оптика желісімен қамтамасыз етілуде. Жұмыстарды жүзеге асырып жатқан жауапты компания – FISHNET.

2024 жылдың соңына дейін 20 елді мекенді интернет желісімен қамту жоспарланып отыр. Жалпы, Шымкент қаласындағы 81 елді мекеннің басым бөлігіне жоспар бойынша орындалды. 2025 жылдың соңына дейін барлық елді мекенді толық қамту көзделуде.

FISHNET компаниясының өкілі Нұржан Алматовтың айтуынша, интернет орнату тегін жүзеге асырылады, ал тұрғындар тарифті өздері таңдай алады. Қазіргі уақытта Наурыз шағынауданында 150 абонент жаңа желіге қосылған.

Өткен жылы 20 елді мекенге оптикалық желіні тарту бойынша жеке инвесторлармен меморандумға қол қойылған болатын. Келісімге сәйкес, 2023-2025 жылдары аралығында тұрғын алаптардың тізімі және мерзімдері анықталды.

Бұл бастама Шымкент қаласының цифрлық инфрақұрылымын жақсартуға және тұрғындарға сапалы интернет қызметтерін ұсынуға бағытталған. Қала басшылығы мен инвесторлар қаланың цифрландыру жұмыстарын жалғастыра отырып, тұрғындарға заманауи және қолжетімді интернет қызметін ұсынуға ұмтылуда.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...