Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Халықаралық жастар күні аясында «Жастармен бірге» ұлттық жастар онкүндігі аясында өтетін іс-шаралар барысы туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі.
1999 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы дүниежүзілік жастар министрлерінің конференциясында 12 тамызды Халықаралық жастар күні деп жариялау туралы ұсынысы мақұлданған болатын. Бүгінде бұл мереке жыл сайын аталып өтіліп келеді. Осы орайда, 2024 жылы елімізде 3-12 тамыз аралығында «ЖАСТАРМЕН БІРГЕ» ұлттық онкүндік іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы міндетін атқарушы Жұмағұлова Әйгерім Әбдіохапқызы баяндады.
Іс-шаралар кешені аясында қаламыздың жастарын қоғамдық және волонтерлік бастамаларға қатысуын, жастардың мемлекеттік шаралардан хабардар болу деңгейін, қала жастарымыздың азаматтық жауапкершіліктерін, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық жобаларға қатысу деңгейлерінің артуын және ғылым мен білімге қызығушылықтарын арттырып, жастардың шығармашылық әлеуетін қолдау және іске асыруға үлкен мүмкіндік болып табылады.
Аталмыш іс-шаралар тізбегі жастардың әлеуетін толық іске асыру, сондай-ақ жастарға атаулы көмек көрсету, қоғамдық-мәдени іс-шараларға белсенді ат салысуын насихаттау мақсатында сондай-ақ қала жастарын мерекемен құттықтау мақсатында өткізіледі.
Баспасөз конференциясының толық нұсқасын https://www.facebook.com/share/v/Nz5ss9ihuBne6oBL/?mibextid=oFDknk сілтемесіне өту арқылы көре аласыздар.