Шаһар басшысы қаланы аралап, тұрғындардың мәселесін тыңдады

Шымкент қаласының әкімі «Достық» шағынауданының тұрғындарымен кездесіп, бірқатар өзекті мәселелерді тыңдады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында әкім асфальт төсеу, ішкі орам көшелерін жарықтандыру және қоғамдық көлік бағытын оңтайландыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Жауапты мамандарға тұрғындармен бірге көшелердің тізімін жасап, оны алдағы жоспарларға енгізуді тапсырды.

Шаһар басшысы сондай-ақ Бәйдібек би мен Алпысбаев көшелерін қосу жұмыстарының барысын бақылады және Әл-Фараби алаңындағы жол қозғалысын ұйымдастыру жоспарымен танысты.

Бұдан бөлек, әкім Еңбекші ауданының Елшібек батыр көшесінде салынып жатқан саябақтың құрылыс жұмыстарын тексерді. Мердігер компания өкілдеріне жұмысты сапалы әрі уақытында аяқтауды және жасыл желекті суару жүйесіне баса назар аударуды тапсырды.

Қала әкімі тұрғындарының мәселесін тыңдағаннан кейін, Әл-Фараби ауданындағы «Фосфоршылар» мәдениет сарайының ғимаратының жұмысымен танысты. Қазіргі уақытта ғимаратты бұзып, оның орнына жаңа мәдениет сарайын салу жобасы іске асырылып жатыр. Айналасында саябақ, аллея, субұрқақ пен заманауи ойын алаңдарын құру арқылы аумақты абаттандыру жоспарлануда.

Сонымен қатар шаһар басшысы «Теріскей» шағынауданындағы тұрғын үйлердің жылу беру маусымына дайындығын тексеріп, азаматтарды басқару органын – жылжымайтын мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) немесе жай серіктестік (ЖС) құруға шақырды.

Аралау соңында қала басшысы 4-ші шағынаудандағы жаңа саябақ құрылысына арналған аумаққа барып, бұрынғы автотұрақ пен қоқыс алаңының орнында иесіз жерді абаттандыруға қатысты нақты тапсырмалар берді.

x

Check Also

200 предпринимателей наказаны за завышение цен на социально-значимые товары в Шымкенте

В Шымкенте более 200 предпринимателей с начала года привлечены к ответственности за необоснованное завышение цен на социально-значимые товары, 15 из ...

Шымкент в движении: как город перестраивает свою транспортную систему

Шымкент — один из самых быстрорастущих городов Казахстана, и транспортная инфраструктура здесь давно требует адаптации к новым реалиям. Рост населения, ...