Биыл шымкентте қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында үгіт-насихат жұмыстары күшейтілген

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Жазғы өрт қауіпі кезеңінің қорытындысы және жылыту маусымына дайындық туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы газ техникалық инспекция бөлімінің қызметеркелері және аудан әкімдіктері мен аудан төтенше жағдайлар басқармалары, «Газ техникалық қызметі МКК-і» қызметкерлерінің қатысуымен қала тұрғындарына тұрақты түрде табиғи газбен байланысты оқыс-оқиғалардың алдын алу және болдырмау мақсатында табиғи газды пайдалануда техникалық қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.

Түсіндірме жұмыстары барысында, жыл басынан бері үгіт-насихат жұмыстары — 36, мақала — 46, кездесулер мен дөгелек үстел жиналыстары — 11, брифинг және сұқбат — 8, арнайы әзірленген — 36 100 дана жадынама парақшалары таратылған.

Сонымен қатар, үй ішілік газ құрылғыларына қызмет көрсету мекемелері бойынша Шымкент қаласының 109 I-көмек ситуациялық орталығымен интеграциялау жұмыстары жүргізілді.

Тұрғындардың өтінішін бақылау мақсатында арнайы чат жұмыс жасайды
Шымкент қаласы тұрғындары 109 I-көмек ситуациялық орталығына хабарласып, ВДГО мекемелері бойынша мәлімет алуға және олардың жұмыстарына қатысты сыни ескертпелерді қалдыра алады. Бұл туралы Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысы М. Абдинуров Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында берген брифингте баяндады.

Тұрғындардың өтініштерін үнемі бақылау жасау мақсатында ВДГО мекемелері, 109 I-көмек және Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасымен орталықтандырылған чат құрылып, жұмыс атқарылуда. Сонымен қатар, қалада құрылған «Газ техникалық қызметі КММ-і» қала тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік туралы жадынамаларды үйме-үй тарату жұмыстары жүйеге қойылған.

Газ тұтыну жүйелерін сақтамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады
Қазақстан Республикасының «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңының 19 бабының 1-тармағына сәйкес, газ тұтыну жүйелерінің және газ жабдығының иелері олардың тиісті техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.

Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген, тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзу — ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі 306 бап 1-бөлігіне сәйкес, 2024 жылы 87 тұлға (жалпы айыппұл сомасы — 318 АЕК, 1174056 теңге) жауапкершілікке тартылатын болады.

Еске сала кетейік, аталған шаралар сақталмаған жағдайда әкімшілік шара көзделген.

Баспасөз конференциясының толық нұсқасын https://www.facebook.com/share/v/8dMnhS3DXRnTPDGh/ сілтемесіне өту арқылы көре аласыздар.

x

Check Also

Шымкентте шала туған нәрестеге күрделі екі ота жасалды

Шымкент қалалық перинаталды орталығының дәрігерлері шала туған нәрестеге бір уақытта күрделі екі ота жасады. Шақалақ 31 апталық мерзімде 2350 грамм ...

Программа «Таза Қазақстан»: в Шымкенте все больше горожан, заботящихся об экологии

Пока общество не борется с экологическими проблемами, которые беспокоят мир, результаты невелики. Поэтому суть экологических мероприятий в рамках программы «Таза ...