Сібір жарасы – қауіпті індет

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Сібір жарасы ауруының алдын алу, адам папиллома вирусына қарсы вакцинациясының маңызы туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

Шымкент қаласында жыл басынан бері 14 түрлі аса қауіпті ауруға қарсы — 1 421 750 вакцинация, 29 түрлі аса қауіпті ауруға қарсы — 240 105 диагностикалық зерттеулер жүргізу жоспарланған.

Оның ішінде, жыл басынан бері сібір жарасына қарсы — 131 847 басқа (68%), вакциналау жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда:
1. Үй жануарларын сібір жарасына қарсы егу жұмыстарын жүргізу;
2. Ет және ет өнімдерін тек сапасын бақылайтын жерлерде ғана сатып алу;
3. Ет, ет өнімдерін өңдейтін және сататын адамдар өздерін және басқаларды қауіпсіздендіру үшін гигиеналық нормаларды ұстануға міндетті;
4. Жануарларды күту кезінде ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтау;
5. Үй малын сою тек қана арнайы орында (мал сою бекеті) ветеринарлық қызмет мамандарының рұқсатымен жүргізу;
6. Ауруға шалдыққан үй жануарларын ветеринариялық дәрігердің бақылауына жүгініп, алдын-ала сақтық шараларын орындау;
7. Ауру малды өз бетінше сойып, оны тағамға тұтынуға тиым салынады;
8. Сібір жарасы ошақтары мен мал қорымдарын СҚА (радиусы 1000 м) сақталуына, яғни тұрғын-үй, шаруа қожалықтар мен басқа да нысандардың құрылысына жол бермеу.

Бүгінде қала аумағында сібір жарасы ошақтары мен мал қорымдары жер асты су көздері мен су қорғау аймақтарынан алшақта орналасқан. Сондай-ақ, қала аумағындағы эпизоотиялық ахуал тұрақты.

Шымкентте Сібір жарасымен ауырған малдарды союға арналған 8 стационарлық бекет жұмыс жасайды
Жыл сайын ауруға қарсы мал шаруашылығымен айналысатын, ет және ет өнімдерін өңдейтін (етті тасымалдауға, сақтауға, сұрыптауға, қатысатын адамдар), мал соятын, тері-жүн өңдеумен айналысатындар, бактерияның тірі қоздырғыштарын зерттейтін зертханашылар вакцинацияға жатады. Сонымен қатар, егумен үй жануарлары да егіледі. Екпе жүргізу ең тиімді әдіс болғандықтан, адамдар мен жануарлар да егілуі керек. Декреттелген топтағы адамдар мен жануарлар дені сау кезде тегін егу жүргізіледі. Биыл 767 адамға екпе салу жоспарланған, оның — 728-не екпе егілген (95,0 %).

Мал өлген жағдайда тиісті құзырлы мекеменің мамандарына хабарлап, өртеп, жойған дұрыс. Сібір жарасымен ауырған мал жатқан немесе сойылған орынға басқа жануарларды жіберуге және адамдардың сол жерде жұмыс істеуіне тыйым салынады!

Осыған орай, қала аумағында кезінде сібір жарасымен ауырған малдар сойылып, қаны тамған жерден қоздырғыштың анықталуына байланысты 8 стационарлық қолайсыз бекеттер бетонмен қоршалып, белгіленген.

Жатыр мойны обыры: ауруды емдеу және алдын алу жолдары
Қазақстанда жыл сайын жатыр мойыны обырынан — 1900-ге жуық жаңа жағдайлар тіркеледі, оның ішінде — 600-ден астам әйел бір жылда осы дерттен көз жұмады. Елімізде жатыр мойны обыры барлық жастағы әйелдер арасында сүт безінің обырынан кейінгі кең таралған обырдың екінші түрі болып табылады.

15 жылдан астам (АПВ) қарсы вакцина Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстанды қоса алғанда, дүниежүзінің 135 мемлекеттерінде жасалады.

Вирус анадан сәбиге оның босану жолдарымен өту кезінде беріледі. Сүйелдер көбіне нәрестелерде өмірінің алғашқы жылдарында ауызда немесе теріде пайда болады.
• 2024 жылғы күзден бастап Қазақстанда 11 жасар қыз балаларға АПВ-ға қарсы вакцинация жүргізілетін болады.
• АПВ-ға қарсы вакцина мектептерде немесе тіркелген мекенжайы бойынша емханаларда екпе кабинеттері арқылы тегін негізде қолжетімді.
• Вакцинация ата-аналар немесе қамқоршысының ақпараттандырылған жазбаша келісімімен жүргізіледі.
• Вакцинация қарсы көрсетілімдер болмаса, дәрігердің қарап тексеруінен кейін 6 ай аралықпен екі рет жүргізіледі.

Вакцина — адам жұқтырғанға дейін енгізілсе, ең тиімді болып табылады. АПВ 25 жасқа толмаған адамдар арасында жиі кездеседі. Сонымен қатар, осы жастағы вакцинация ең күшті иммундық реакцияны қамтамасыз етеді.

Баспасөз конференциясының толық нұсқасын https://www.facebook.com/rsk.shymkent/videos/1601517190431660/ сілтемесіне өту арқылы көре аласыздар.

x

Check Also

Шымкент: Дабыл жүйесі тексеріледі! Проверка системы оповещения!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! 21 қараша күні сағат 11:00-де «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында “Дабыл жүйесін тексеру” жүргізіледі. ...

В Шымкенте недоношенному новорожденному провели две сложные операции

Врачи Шымкентского городского перинатального центра успешно провели одновременно две сложные операции недоношенному новорожденному. Малыш появился на свет на 31-й неделе ...