Бұл оқу жылын елдегі неше мектеп сырттағы дәретханамен қарсы алады?

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа Астанадағы ауыл мектептері педагогтерінің республикалық форумынан кейін мектеп дәретханаларын біріздендіру мәселесі туралы пікір білдірді.

«Бұл оқу жылын елдегі неше мектеп сырттағы дәретханамен қарсы алады? Осы оқу жылының аяғына дейін ол мектептердің бәрі жылы дәретханамен қамти аласыздар ма?», — деп сұрады БАҚ өкілі министрден.

Ғани Бейсембаев бұл мәселе әсіресе Түркістан облысында өзекті екенін айтты.

«Статистикаға сүйенсек, осыдан үш жыл бұрын елдегі 3 мыңға жуық мектептің дәртханасы сыртта орналасқан еді. Бүгін солардың саны 10-ға дейін азайды. Олар негізінен Түркістан облысында шоғырланған. Мұның негізгі себептерінің бірі – ешқандай коммуникациялық инфрақұрылым жоқ. Не кәрізі, не суы жоқ шағын жинақты мектептер болып есептеледі. Жергілікті органдар олардың мәселесін су сақтайтын үлкен көлемді ыдыстар орнатып, «септик» тарту арқылы шешу мәселесін зерттеп жатыр», — деді ол.

Сондай-ақ, министр ғимарат ішіне жылы дәретхана орнатса да, сырттағы дәретхананы сақтап отырған мектептер бар екенін айтады.

«Бұдан бөлек іште жылы дәретханасы болса да, сырттағы дәретхананы жаппаған мектептер бар. Яғни, консервация жасап, тоқтатып қойған мектептер бар екенін біліп отырмыз. Әкімдіктер ол дәретханалар қандай да бір жағдайлар үшін резервте тұру керек деген уәжбен, толыққанды жоймауды сұрап отыр. Дей тұрғанмен біздің тексерістер апаттық жағдай болғанның өзінде жылы дәретханалардың жабылуына жол бермеуге жұмыс істейді. Ол дәретханалардың оқушы санына сәйкес болуын да қатаң қадағалаймыз.

Әрине, бұл қаржылық шығындарға тәуелді болғандықтан кейбір жұмыстар кейбір өңірлерде баяу жүруі мүмкін. Бұл мәселені 100 пайыз орындау үшін Оқу-ағарту министрлігі үнемі назарда ұстап келеді», — деді Ғани Бейсембаев.

Дереккөз: kaz.inform.kz

x

Check Also

С космодрома Байконур стартовал грузовой корабль «Прогресс»

С Байконура в 00.32.40 по времени Астаны с площадки №31 запущена ракета «Союз-2.1а» с грузовым транспортным кораблем «Прогресс МС-31». Стыковка ...

Қосымша білім беру саласы цифрландырылып жатыр

Мемлекет, қоғам және отбасы үшін басты міндеттердің бірі — өскелең ұрпақтың білімін, дамуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып отыр. Бұл ...