Түркістанды абаттандыру жұмыстарына аудандар да атсалысуда — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанды абаттандыру жұмыстарына аудандар да атсалысуда

Арыс тәжірибесін негізге ала отырып, 32 секторға бөлінген Түркістан қаласында жыл басынан бері абаттандыру жұмыстары қызу жүргізілуде. Бірқатар секторлардың жұмысын аралаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевке аудан басшылары атқарылған жұмыс барысы жөнінде баяндады.

Мысалы, Ордабасы ауданына 13 көше, Төлеби ауданына 11 көше және Түлкібас ауданына 9 көше бекітілген. 8 шақырымға созылған көшелерге ағаш, газон егу және тамшылап суғару жүйесін орнату жоспарланған. Жоспарланған 12 мыңға жуық көшеттің 96,2%-ы отырғызылған. Қараша айының аяғына дейін терек, үйеңкі, ірі жапырақты қарағаш, арша ағашы мен раушан гүлдері егіледі.

Түлкібастықтар өздеріне бекітілген секторда сенбілік өткізіп, 9 көшені тазалады. 7 мың түп жасыл желек пен газон егілді. Сондай-ақ, орталық Дастанов көшесіне жаңадан суару жүйесі орнатылды.

Сайрам ауданының секторында 8,48 шақырымды құрайтын 9 көшеде 7655 көшет отырғызылды. Ауданға бекітілген №2 секторда тұрақты түрде сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, жерді тегістеу, шұңқыр қазу, көшет егу жұмыстары жүргізілді. Қазылған ұяшықтарға топырақ салынып, көшет тамырын ылғалдандыратын гидрогель және топырақты қопсыту үшін биогумус себілуде. Сонымен қатар, көшеттерді суғару жүйесі жүргізіліп, газон егіледі.

Шардара ауданына бекітілген аумақта да көшеттер отырғызылып, гүлдер егілген. Айнала күл-қоқыстан тазартылып, тиісті жұмыстар қарқынды жүруде.

Түркістан қаласын көгалдандыруға Төлеби ауданы да атсалысыа жатыр. Аудан басшысының бақылауымен, 7354 ағаш көшеттерін егу, көшеттерді суғару үшін 12 119 метр тамшылатып суғару жүйесін жүргізу және 5 дана ұңғыма қазу жұмыстары атқарылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын тауып, қала аумағында 7 мыңнан астам арша, терек, қара ағаш көшеттері отырғызылмақ.

Шаһарды көгалдандыру аумағы 187 га құрайды. Саябақтарды жайқалтып, гүлзарларды көркейту, желекжолдар мен тұрғын үй орамдарын, қоғамдық ғимараттарды көгалдандыру іске асып жатыр.

Қаланың климаттық жағдайын ескере отырып, қала сыртында көгалдандырудың үздіксіз жүйесін және Сырдария өзенінің табиғи өсімдіктер дүниесімен қосылуды қамтамасыз ететін жасыл белдеуді қалыптастыру көзделген.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...