Сауран ауданындағы ауылдарға асфальт төселіп, көпір жөнделуде — Xnews — ақпарат агенттігі

Сауран ауданындағы ауылдарға асфальт төселіп, көпір жөнделуде

Сауран ауданы Қарашық елді мекеніндегі көшелерге орташа жөндеу жұмыстары басталды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Аудан әкімінің халықпен кезекті кездесуінде аталған мәселе ауыл тұрғындары тарапынан бірнеше рет көтерілген болатын. Осы орайда аудан әкімі Мақсат Таңғатаров жол жөндеу жұмыстарын арнайы барып қадағалады.

Аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жолдас Мырзабековтың мәлімдеуінше, Қарашық елді мекеніндегі Құдайқұлов, Қарнақ, Қарашық, Навои және Әл-Фараби көшелерін орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстарды «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында «Altai Building LTD» ЖШС мекемесі жүргізуде.

Сонымен қатар, өңір басшысы Бабайқорған елді мекеніндегі Қисық Шоқпар және Қонаев көшелерінің бойындағы жаңа көпірдің құрылысымен танысты. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталу үстінде.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...