Келес ауданында “Мектепке жол” акциясы аясында автодүкен ұйымдастырылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Келес ауданында “Мектепке жол” акциясы аясында автодүкен ұйымдастырылды

Келес ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен “Мектепке жол” республикалық акциясы өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Онда мектеп оқу-құралдарын төмендетілген бағамен сату мақсатында автодүкен қызметі ұйымдастырылды.

Автодүкеннің мақсаты — кәсіпкерлермен бірлесе отырып шалғайдағы ауылдық елдімекен тұрғындарына төмендетілген бағамен мектепке қажетті құрал-жабдықтарды ұсыну. Мұндай шара өңірде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Автодүкен Келес ауданының шалғайдағы 6 ауылдық округіне барады. Айта кетейік, 2024-2025 оқу жылында аудандық білім беру ұйымдарында оқушылардың мектеп формасы «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасы туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығының негізінде реттеледі.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...