Түркістан жастары «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан жастары «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырды

Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған шара 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай жоспарланған. Шараға облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Ернар Бектаев қатысып, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. 100-ге жуық балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған сөмкелер үлестірілді.

Акция барысында орталық мамандары қаланың көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылып, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Негізгі мақсаты – көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ ерекше балаларды қолдау және жаңа оқу жылы қарсаңында бірреттік көмек көрсету.

Шара аясында халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, жас ұрпақ бойына рухани адамгершілік дәндерін себуге бағытталған шаралар жүргізілді. Жаңа оқу жылының қарсаңындағы игі бастама елімізде дарынды, білімді, алғыр, дені сау ұрпақ өсуіне ұйытқы болмақ.

Еске сала кетейік, жалпы бұл акция 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Жақсылық жаса» ұранымен өткізіледі. Еліміздің азаматтары әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.Осы акция аясында қайырымдылық жасауға кәсіпкерлер, меценаттар және өзге де азаматтар қолдау білдіре алады.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...