Түркістанда педагогтер жемқорлықтың алдын алу бойынша тәжірибе алмасты

Түркістанда «Педагогтердің сағат жүктемелерін дұрыс бөлу және тарифтеу процесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тәжірибе алмасу» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараны Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Жандос Нұрпейісов бастап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Өз кезегінде пайдалы ақпараттарды түртіп алып, жұмыс процесінің оңтайлы жүзеге асырылуын бақылауға алуды тапсырды.

Онлайн форматта өткен оқыту семинарына Қарағанды облыстық білім басқармасына қарасты Сарань қаласындағы №17 мектеп-гимназиясының директоры Никита Максименко сағат бөлудегі озық тәжірибесін бөлісе отырып, тиімді тұстарын таныстырды. Жиын барысында педагогтарға сағат жүктемесін тиімді бөлудің рейтингтік жүйемен іске асырылатынын түсіндірді.

Аталған семинарға Шардара, Мақтаарал, Жетісай, Төлеби, Түлкібас аудандары жіберілген сілтеме бойынша өз ауданында бір нүктеден онлайн қатысты. Ал Арыс, Түркістан, Кентау, Бәйдібек, Келес, Қазығұрт, Ордабасы, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Сауран, Созақ аудан, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, әдістемелік кабинет меңгерушілері және жалпы білім беру мекемелерінің директорлары, сонымен қатар оқу ісі жөніндегі орынбасарлары арнайы залда жалпы отырысқа келді.

Іс-шара соңында Никита Максименкоға Түркістан облысы педагогтары атынан оң пікір айтылып, ризашылық білдірді.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...