Түркістандық белсенді зейнеткерлер өңірдің көрікті жерлерін аралады — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістандық белсенді зейнеткерлер өңірдің көрікті жерлерін аралады

Түркістан қалалық «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы мен Тең қоғам орталығының» қызмет алушылары Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи кесенелеріне зиярат етіп, тарихи тұлғалардың рухына құран бағыштады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Керуен сарай» туристік кешенін қайықпен аралады. «Ұлы дала елі» орталығындағы мұражайына соғып, ондағы фольклорлық-этнографиялық эскпозициялармен танысты. Саяхат «Отырар» қалашығы мен табиғат аясында жалғасып, белсенді зейнеткерлер демалысты ұйымдастырған орталық мамандарына ризашылық білдірді.

Түркістандағы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» – 2022 жылдан бастап зейнеткерлерге қызмет көрсетеді. Жылына 3 мыңға жуық азаматты қабылдап, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-құқықтық секілді 7 бағыт бойынша көмек береді. Егде жастағы ата-әжелер мұнда қолөнер және спортпен шұғылданады.

«Тең қоғам орталығы» – 2021 жылдан бері мүмкіндігі шектеулі және зейнет жасындағы азаматтарға қызмет етіп келеді. Жылына 700-ден аса азаматқа құқықтық және психологиялық кеңес беріп, кәсіпке баулу, қажетті құралдармен қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру сияқты мәселерін шешуге атсалысады.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...