Түркістан облысының Әділет департаменті 6 айда 1000-нан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының Әділет департаментінің басшысы Мұхит Тұрғараев мәлімдеді.

«Әділет департаменті 2024 жылдың І жарты жылдығында азаматтарға 1 048 мемлекеттік қызмет көрсеткен. Одан бөлек, облыс көлемінде жалпы 576 заңды тұлғалар бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілген. Алты айда департаментке нотариустардың іс-әрекеттеріне қатысты 54 арыз-шағым түсіп, 2 нотариустың қызметі мен 1 адвокаттың лицензиясы тоқтаған. Бұдан бөлек, департамент тарапынан 4 жеке сот орындаушы лицензиясынан айырылып, 2 жеке сот орындаушының лицензиясы уақытша тоқтатылды. Сонымен қатар, 3 487 азаматқа тегін құқықтыұ көмеккөрсетілген. Бүгінгі таңда сот шешімі бойынша ата-анадан кәмелетке толмаған балалардың пайдасына алимент өндіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Жалпы, 2024 жылдың 6 айында алиментті өндіріп алу туралы атқару құжаттары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған борышкерлер саны – 84. Ал, жеке сот орындаушыларымен қылмыстық қудалау органына 7 ұсыныс жолданған. Сондай-ақ, борышкерлерді жұмыспен қамту мақсатында «Бос орындар» жәрмеңкесі өтіп, борышкердің 43-і жұмысқа орналастырылды»,- деді департамент басшысы.

Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалымен жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бойынша жалпы 80 809 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Одан бөлек, 36 802 азаматтық хал актілері тіркелген. Оның ішінде, тууды тіркеу – 26 743, қайтыс болу – 4 821, некеге тұруды тіркеу – 4 927, некенің бұзылуын тіркеу – 311 болған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...