Түркістан халықаралық әуежайы 1 млн 200 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсеткен — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан халықаралық әуежайы 1 млн 200 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсеткен

Түркістан халықаралық әуежайы 2020 жылдың 1 желтоқсаны іске қосылған күннен бастап қазіргі таңға дейін 1 204 351 жолаушыға қызмет көрсеткен,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ал, 2024 жылдың 7 айында әуежай арқылы 166 мың жолаушы қатынаған. Оның ішінде халықаралық рейстерде – 45,7 мың жолаушы, ішкі рейстерде – 120,6 мың жолаушы.

Қазіргі уақытта Түркістан халықаралық әуежайында 3 халықаралық (Ыстамбул, Кувейт, Әбу-Даби) және 6 ішкі (Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Қостанай) бағытта әуе рейстері қатынайды. Сондай-ақ, Үрімші, Анталья, Самарқанд, Ташкент, Мәскеу, Баку бағыттарында әуе рейстерін ашу бойынша шетелдік және отандық компаниялармен келіссөздер жүргізілуде.

«Түркістан халықаралық әуежайы» АҚ Басқарушы директоры Ілияс Нұғымановтың айтуынша, бүгінде әуежай арқылы «Turkish Airlines», «Jazeera Airways», «Wizz Air Abu Dhabi», «Fly Arystan», «Scat», «Qazaq Air» әуекомпанияларының ұшақтары қатынайды. Әуежай аптасына 32 рейске қызмет көрсетеді. Шетелден келіп түсетін тауарларды көтерме-бөлшек сату және оларды пошта қызметтері арқылы жөнелту мақсатында «Қазпошта» АҚ-мен бірлесіп әуежай аумағында халықаралық пошта алмасу орны құрылған. 2024 жылдың 7 айында жүк ағыны 466,6 тоннаны құраған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 8 есеге көп. 2024 жылдың соңына дейін әуежайдағы жүк ағынын 1 284 тоннаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...