Төлебилік жастар робототехника байқауының жеңімпазы атанды — Xnews — ақпарат агенттігі

Төлебилік жастар робототехника байқауының жеңімпазы атанды

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен облыстық «Жастар лигасы» атты робототехника байқауы өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мақсаты – оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, оларды инженерлік машықтандыру, робототехникаға қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.

Ленгір қаласы, № 7 IT мектеп лицейі ғимаратына ұйымдастырылған конкурсқа 17 команда өтініш білдіріп, 10 команда қатысты. Түркістан облысының 10 ауданынан қатысқан жастарды Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшының орынбасары Пердебек Сержанұлы құттықтап, сайыстың өту тәртібі мен мақсатын түсіндірді.

Байқауға қатысушы жастар Arduino жиынтығымен машина құрастырып, оған бағдарлама орнатып, құрастарылған машина арнайы кедергілерден өтті. Білікті жастардың қабілетін шыңдап қана қоймай, жаңа идея тууына жәрдемдесуге бағытталған байқауға қатысушылардың еңбегіне әділ қазылар бағасын берді.

Байқау нәтижесі бойынша жүзден жүйрік болып шыққан Төлеби ауданының жастары жүлделі бірінші орынды жеңіп алып, 500 мың теңге сыйақы алды. Екінші орыннан көрінген Кентау жастары 300 мың теңге, Бәйдібек ауданының жастары 200 мың теңгенің иегері атанды.

x

Check Also

Түркістан облысы Сауран ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, Шорнақ ауылында бой көтерген жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. ...

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...