Қазақстандықтардың Өзбекстанға баруы үшін паспорт қажет болмауы мүмкін

Қазір екі ел азаматтарының шекарадан жеке куәлікпен өтуіне рұқсат беру мәселесін талқылап жатыр.

Алдағы уақытта қазақстандықтар паспортсыз, яғни жеке куәлікпен-ақ (ID карта) Өзбекстанға баруына рұқсат берілуі мүмкін. Бұл туралы Өзбекстан президентінің сыртқы саясат жөніндегі арнайы өкілі Абдулазиз Комиловтың «Жаңа Өзбекстан» газетіндегі мақаласында жазды, деп хабарлады UzA агенттігі. 

Абдулазиз Комилов Астана қаласында өткен Орталық Азия елдері басшыларының алтыншы Консультативтік кездесуі аймақтағы барлық елдердің кейінгі алты жылдағы кезекті төрағалығының нәтижесін символды қорытындысы болғанын айтып, бұл формат мемлекетаралық ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастап бергенін мәлімдеген.

Сонымен қатар ол Өзбекстан мен Қазақстан шекараны заңды түрде ресімдеуді толық аяқтағанын, Түркіменстан, Тәжікстан және Қырғызстанмен мемлекеттік шекара делимитацияланғаны, қазіргі кезде елдер арасындағы өткізу бекеттері өз жұмысын қалпына келтіріп, азаматтардың қозғалысы айтарлықтай жеңілдегенін жеткізген. 

«Бүгінде Өзбекстан мен Орталық Азия елдері арасындағы шекараны достық пен тату көршілік көпірі деп атауға болады. 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Өзбекстан-Қырғызстан шекарасынан өтуде азаматтар ID картаны пайдалануда. Дәл осындай жоба Қазақстанмен де талқылануда», – деп жазады Абдулазиз Комилов өз мақаласында.

Дереккөз: informburo.kz

x

Check Also

QS WUR әлемнің үздік университеттерінің халықаралық рейтингіне Қазақстандық 21 ЖОО кірді

ЖОО-дары 245-ке жуық бірлескен білім беру және қос дипломдық бағдарламаларды іске асыруда. Times Higher Education рейтингіне қазақстандық 29 жоғары оқу ...

Қазақстанда қолданбалы ғылымды қаржыландыру 476,9 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды

Қолданбалы ғылымды мемлекеттік қаржыландыру 2024-2026 жылдарға 476,9 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды (оның ішінде бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру – 211 млрд теңге, гранттық ...