«Бизнестің жол картасы 2025»: Түркістанда 300-ден астам жоба қаржыландырылған

«Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы Түркістандық кәсіпкерлерге үлкен көмегін тигізіп отыр, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Антикризистік шара ретінде қолға алынған бағдарлама арқылы биыл 262 жоба қаржыландырылған. Өткен жылмен салыстырғанда қаржыландырылған жобалар саны 2,7 есеге артып, Түркістан облысы бұл көрсеткіш бойынша көш бастап тұр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Нұрбақыт Иманқұлов мәлімдеді.

Сонымен қатар, кәсіпкерлердің өндірістік қуатын сақтау және тұрақтандыруға бағытталған «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасының бюджеті ағымдағы жылда 38%-ға артып, 3,3 млрд. теңгені құраған. Бағдарлама аясында 400-ге жуық кәсіпорынға қолдау көрсету жоспарланған болса, бүгінгі таңда 304 жоба қаржыландырылған. Өңір бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1,4%-ға өсіп, 142 682 бірлікті құрады. Орын алған экономикалық өзгеріс жағдайына қарамастан, шағын және орта бизнеспен өндірілген өнім көлемі 10,9%-ға ұлғайған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Елімізде 2026 жылдан бастап сән-салтанат салығы енгізіледі

2025 жылдың 18 шілде күні ҚР жаңа Салық Кодексі қабылданған болатын. Ол 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Бұл ...

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...