Бәйдібекте Абай мұраларына арналған облыстық байқау өтті

Бүгін Абай күніне орай Бәйдібек ауданында «Ұлы Қазақтың — Ұлы Абайы» атты облыстық байқау бастау өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байқауды Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығының басшы орынбасары Пердебек Есқұлов пен аудандық жастардың көшбасшысы Жамбыл Көрікбаев ашып беріп, мерекемен құттықтады. Сонымен қатар сайысқа қатысушы таланттарға сәттілік тіледі.

Аудандық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған байқаудың мақсаты – жастардың бойында адалдық пен сенімділікті, отансүйгіштікті қалыптастыру, Абай шығармашылығына деген қызығушылық қабілетін ояту. Аталған сайысқа облыстың түкпір-түкпірінен талант иелері қатысып Абайдың қарасөздері мен өлеңдерін айтудан ІІ кезең бойынша сынға түсті.

Облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Ақтөре Қайрат, аудандық тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі Бақыт Оспанова және Шаян мектеп лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Қаламқас Мамытова әділ қазылық етіп, жеңімпаздарды анықтап берді.

Сайыс қорытындысы бойынша Орынбасар Жақсыгүл, Сағындық Сұлтан, Қалауов Азамат, Абдирманова Айсара, Үсен Балқадиша жеңіске жетті. Жеңімпаздарға дипломдар мен және қаржылай, ынталандыру сыйлықтары табысталды.

x

Check Also

Ұлттық құрылтай – ұлттық идеологияның қалыптасар орны

Бурабайда өткен Ұлттық құрылтай 2025 жылға жоспарланған шараның алғашқы қадамдарының бірі ретінде маңызды оқиға болды. Бұл жиын Қазақстанның әртүрлі әлеуметтік, ...

Түркістанда халықаралық бизнес-форум өтті

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» украиналық «UBC» компаниясының серіктестері және инвесторларымен бизнес-форум өтті. Халықаралық форумға Украина, Түркия, Грузия, Қытай, Әзербайжан, Өзбекстан ...