Биыл елімізде 8 шетелдік ЖОО-ның өкілдіктері ашылады — Xnews — ақпарат агенттігі

Биыл елімізде 8 шетелдік ЖОО-ның өкілдіктері ашылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде үздік шетелдік 5 ЖОО-ның филиалдарын ашу туралы тапсырма берген болатын, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Президент тапсырмасын тыңғылықты жүзеге асыруда.—деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі.

Қазірдің өзінде 20 шетелдік білім беру ордаларына Қазақстанда өкілдік ашу туралы шақырту жіберілді. Биыл 8 филиал ашылады. ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

Оның хабарлауынша, ведомство Қазақстанды Еуразия аймағындағы үлкен академиялық хабқа айналдыруды жоспарлап отыр. Ол үшін елге мықты шетелдік брендтерді әкелу қажет.

«23 академиялық серіктестігіміз екі-ақ жылдың ішінде ойылып ашылып жатыр. Қазақстанда 3 шетелдік мықты университеттердің кампустары ашылады. Яғни 5 санатымыз бар. Шетелдік университет Қазақстанға келіп, өз инвестициясымен ақшасын құйып, ғимаратын салып немесе сатып алып, шетелдік форматпен оқуын бастауға рұқсат бере бастадық. Олар арнайы үкіметтік қаулылармен жұмысын атқаруда. Мысалы, Алматыда De Montfort университеті. Келесі жылы тұңғыш түлектеріміз шығатын болды. Бұл британдық университет Қазақстанға келіп, өз британдық формат, қабылдау академиялық саясаты негізінде британдық бакалавриат дәрежесін беруге мүмкіндік беріп отырмыз», – деді спикер.

x

Check Also

Цифрлық Түркістан: Жаңа технологиялар өңір дамуына жол ашады

Мемлекет басшысы Жолдауында цифрлық технологияларды дамыту, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану және мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту мәселелеріне ерекше назар аударды. Бұл ...

Казахстан опередил США по площади восстановления внутренних водоёмов

Казахстан вошёл в десятку стран с наибольшей площадью восстановления пресноводных водоёмов. В рейтинге, который опубликовал проект GEOSTATISTICA, республика заняла шестую ...