Түркістанда «Senat open» ашық турнирі өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда «Senat open» ашық турнирі өтті

Түркістанда Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл толуына орай, ұйымдастырылған шахматтан «SENAT OPEN» ашық турнирі өз мәресіне жетті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облыстық мәслихатының ұйымдастыруымен, Қазақстан шахмат федерациясының қолдауымен және ҚР Парламенті Сенатының бастамасымен өткізілген турнирге Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішов, Шахмат федерациясының вице-президенті А.Бабенко, облыс әкімі аппаратының басшысы Е.Әлімқұлов, облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелерінің барлық шақырылымы, қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Интеллектуалды ойынның қорытынды салтанатына облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов қатысып, жеңімпаздарды марапаттады.

Негізгі марапат бойынша 1-орынды Сайрамнан келген А.Абдикаримов, 2-орын түлкібастық М.шулашов және және 3-орынды С.Нағызбеков (Шардара ауданы) жеңіп алды. Сонымен қатар командалық ойында Бәйдібек ауданы көш бастаса, 2-орынды Түлкібас ауданы иеленді. Ал жүлделі 3-орынға Шардара ауданы жайғасты.

Ынталандыру марапаттары бойынша депутаттар, БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері және әйелдер арасында үздік көрсеткіш иелері мен 60 жастан асқан ойыншылар арасында үздік деп танылған қатысушылар арнайы облыстық мәслихаттың грамотасымен марапатталды. Барлық шахмат ойынына қатысқан жеңімпаздарға арнайы диплом, медаль табыс етілді. Сондай-ақ қатысушыларға сертификат берілді.

Жарыс жеңімпаздары алдағы уақытта Шымкент қаласында өтетін жартылай финалда бақтарын сынайды.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...