Түркістан облысында 500 мыңнан астам оқушы «Білімім – Отаныма» бірыңғай тәрбие сағатына қатысты — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында 500 мыңнан астам оқушы «Білімім – Отаныма» бірыңғай тәрбие сағатына қатысты

Бүгін Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты жалпы 1052 мектепте 518 733 оқушы 2023-2024 оқу жылының қорытындысына арналған «Білімім – Отаныма» жалпы республикалық бірыңғай тәрбие сағаты өтіп жатыр,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әр білім бөлім басшылары оқу ордаларына барып, тәрбие сағаттарына қатысып, түлектерге жылы лебізін білдірді.

Тәрбие сағатының мақсаты – балаларды ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу.

Тәрбие сағаты Әнұранмен басталып, ҚР Оқу-ағарту министрінің құттықтау сөзі жазылған видеоролик оқушылардың назарына ұсынылды.

Іс-шараға ата-аналар да қатысты. Сонымен қатар жыл бойы үздік болған оқушылар марапатталды. 9, 11 сыныптың түлектері «Мен. Мектеп. Ұстаз» тақырыбында балалық шақтан болашаққа қадамы туралы эссе жазды.

Айта кету керек, мектеп түлектеріне арналған соңғы қоңырау 25 мамыр күні соғылады. Биыл облыста 32306 оқушы 11-сыныпты бітіреді деп күтілуде. Оның 1727- і «Алтын белгі» белгісіне үміткерлер, жалпы орта білім беру туралы «Үздік аттестатқа» 2466 үміткер бар. 9-сыныпты 45416 оқушы бітіреді деп күтілуде. Негізгі білім туралы «Үздік аттестатқа 4540 үміткер бар. ҰБТ-ға 27 340 оқушы қатысуға өтінім білдірген.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...