Жасанды интеллектінің мүмкіндіктері туралы Workshop өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Жасанды интеллектінің мүмкіндіктері туралы Workshop өтті

Түркістан облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мен Turkistan hub «Жасанды Интеллект: Бүгінгі әлемді өзгертетін болашақ технологиялар» туралы workshop өткізді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл шеберлік сағатына 20-ға жуық адам қатысты. Мастер класта жасанды интеллект арқылы чат-бот жасау, трендпен жұмыс, жасанд интеллект арқылы шетел тілдерін жаттау туралы толық түсіндірілді.

Сонымен қатар мастер класс соңында сұрақ-жауап ойындары болып, түрлі сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, бұған дейін telegram-ның шексіз мүмкіндіктері туралы воркшоп көптің қызығушылығын тудырған болатын. Ендігі кезек, шетелге оқуға түсу жолдарын түсіндіретін кездесу өткізу жоспарлануда.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...