Қайтарымсыз грант арқылы оқу орталығын ашты — Xnews — ақпарат агенттігі

Қайтарымсыз грант арқылы оқу орталығын ашты

Елімізде ісін жаңадан бастап, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз ету үшін қайтарымсыз гранттар беріледі,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Бүгінде дәл осы өтеусіз гранттар халықты жұмыспен қамтудың тиімді тетіктерінің біріне айналып отыр.

Шымкент қаласында өткен жылы бизнес идеяларын жүзеге асыру үшін 452 азаматқа қайтарымсыз грант берілген. Олардың қатарында – мүгедектігі бар азаматтар, аз қамтылған және көпбалалы отбасы мүшесі, асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар бар. Басты мақсат, халыққа қолайлы және экономикаға келер пайдасы болса болғаны.

Осы ретте, қайтарымсыз грантпен қосымша білім беру орталығын ашып, кәсібін нәсібіне айналдырып отырған мекеменің жұмысымен таныстық. «Business Kids» орталығы 2022 жылы өз жұмысын бастаған. Бүгінде ауқымы кеңейген мекемеде ерекше балалармен жұмыс жасайтын «Асыл бала» атты орталық іске қосылыпты. Жалпы, бір мезетте 300 балаға қосымша білім бере алатын орталықта психикалық арифметика, кәсіпкерлік негіздері, бағдарламалау тілдерінің негіздерін меңгеру, дебат, STEAM бойынша тереңдетілген білім алады. Ал, ерекше балалар үшін дефектолог, логопед, психологтар, ЕДШ, АВА мамандары көмектеседі.

Жалпы 25 адамды жұмыспен қамтып отырған мекеме құрылтайшысы Гүлнара Қәрімқызының айтуынша, орталыққа келген балалар аз ғана уақытта жоғары нәтижеге жеткен көрінеді.

— Дарында балалар арасында өтетін әлемдік додаға Шымкент қаласынан «Business Kids» орталығының оқушыдары барады. Үндістан мемлекетінде өтетін сайысқа жалпы әлемнің 87 елінен қатысушылар келеді. Бұл жерге шақырту алып, қатысудың өзі үлкен жеңіс. Алдағы уақытта, ата-аналармен тығыз жұмыс жасау жоспарлануда.

Басты мақсатымыз ерекше балалар мен дарынды балалардың қоғамда орны бір екенін көрсету. Ата-аналар орталыққа келетін болса, қандай құжаттар керек және не істеу керек екендігін мамандар толық түсіндіріп береді,-дейді Гүлнара Қәрімқызы.

Айта кету керек, қосымша білім беру орталығы жыл бойына жұмыс жасайды.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...