Шымкент қаласында екі қаланың бизнес қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен ауқымды форум өткізу жоспарланды

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «2024 жылғы 24-26 маусым аралығында Шымкент қаласы делегациясының Қытай Халық Республикасының Сиань және Үрімші қалаларына сапары туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Сиань қалалық партия комитетінің хатшысы Фан Хунвэй мырза және қала мэрі Е Нюпин мырзамен кездесу өтті. Кездесу барысында түрлі салалардағы екіжақты қарым-қатынастарды дамыту мүмкіндіктері мен сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша нақты бастамалар талқыланды.

Кездесу нәтижесінде 2024 жылдың күз мезгілінде Шымкент қаласында екі қаланың бизнес қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен ауқымды форум өткізу жоспарланды.

Сондай-ақ, Қытай-Еуропа жүк пойызының, Сиань әуежайы мен шымкенттік «SCAT» әуе компаниясы мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып логистикалық хабтарды салу, әуе бағыттарын біріктіру, алмасуды және цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты тереңдету арқылы құрлықтық, әуе және цифрлық Жібек жолын құру мәселелері талқыланды.

2024 жылдың 26 маусымында Үрімші қаласында «Тату көршілік пен достық, өзара тиімді ынтымақтастық» тақырыбында өткен «Қазақстан – Қытай үшінші өңіраралық ынтымақтастық форумына» қатысты.

Аталған форумға қазақстандық тараптан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Мақашұлы Жұманғарин бастаған делегация болды.

Іс-шараның бірінші бөлігінде екі елдің ресми өкілдері екіжақты ынтымақтастық бойынша сөз сөйледі.

Қала әкімі Ғ.Сыздықбеков те қаланың әлеуметтік-экономикалық және инвестициялық ахуалы туралы баяндады.

Форумның екінші бөлігінде екі елдің кәсіпкерлері арасында кездесулер өтті, маңызды құжаттарға қол қойылды.

Сонымен қатар, форумның барлық қатысушылары «Қытай-Еуразия» халықаралық ЭКСПО көрмесін тамашалады. Көрмеде қытайлық нарыққа шығару мақсатында еліміздің әр өңірінен 40-тан астам компания өкілдері өз өнімдерін ұсынды.

x

Check Also

42% нового жилья и 27% роста строительства: Шымкент впечатляет показателями

Шымкент уверенно подтверждает свой статус экономического центра Казахстана, став лидером среди регионов страны с рекордным ростом экономики на 12% за ...

Түлкібас ауданында инвестициялық құны 68 млрд теңгеге жуық 10 жоба жүзеге асады

Түлкібас ауданында 2025 жылы жалпы инвестициялық құны 67,5 млрд теңгені құрайтын 10 жобаны іске асыру жоспарлануда. Одан түсетін болжамды салық ...