Сауранда жас мемлекеттік қызметкерлер ант қабылдады — Xnews — ақпарат агенттігі

Сауранда жас мемлекеттік қызметкерлер ант қабылдады

Аудан әкімдігі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімінің аппарат басшысы, аудан әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Бахытжан Полатовтың төрағалығымен жиын болып өтті,—деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда Сауран ауданы бойынша жаңадан мемлекеттік қызметке қабылданған азаматтар ант қабылдады. Атап айтар болсақ, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Бекболат Тасболат, Шорнақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Айман Құрбан көпшілік алдында ант қабылдады.

Аудан әкімінің аппарат басшысы, аудан әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Бахытжан Полатов жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік қызметтің маңызы мен жауапкершілігі туралы түсіндіріп, олардың жұмысына табыс тіледі.

Сонымен қатар, аудан әкімі аппаратының заң және құқық қорғау органдарымен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Мақсат Бегалы да мемлекеттік қызметті атқарудағы талап тілектерін айтып, ең бастысы халықтың қызметшісі екенін жеткізіп, сол бағытта жұмыс жүргізуге шақырды.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...