Әдеп талаптары түсіндірілді

Сауран ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудандық әдеп жөніндегі уәкіл Бахытжан Полатов аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілермен кездесіп, жаңа Әдеп кодексінің талаптарын кеңінен түсіндіріп өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әдеп уәкілінің айтуынша жаңа редакцияда бекітілген Әдеп кодексі мемлекеттік қызметкерлердің менталитетін жаңаша қалыптастыруға зор үлес қосатынын жеткізді.

Мемлекеттік аппараттың қызметі қоғам сұраныстарын қанағаттандыруға, оның ішінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, яғни сервистік қызмет көрсетуге бағытталған болатын. Демек, клиентке бағдарланған мемлекеттік аппарат құру жалпы мемлекеттік қызметшілердің көзқарасын түбегейлі өзгертуді талап ететінін мәлім етті.

Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметтің қоғам өміріндегі рөлі, мемлекеттік қызметшілердің ұстанымдары мен қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылу қажеттігін айтты. Сонымен бірге, қызметшілердің мемлекеттік саясатты ұстануына, қызметтік әдебі адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық, клиентке бағдарлану қағидаттарына, жүріс-тұрыс ережелеріне тоқталып өтті.

x

Check Also

Түркістандық 10 оқушы Дәулет Серікбаев атындағы ШҚТУ ректорының білім грантын жеңіп алды

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті ректорының гранты ...

Түркістан: Сайрам ауданында жаңа шағынауданының құрылысы басталды

Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарасу ауылында жаңа шағынауданның капсуласын салу рәсімі өтті. Жалпы аумағы 60 гектарға жететін жаңа қалашықта жалпы ...