“Таза Қазақстан” акциясы аясында Сауранда 14 тонна қоқыс шығарылды — Xnews — ақпарат агенттігі

“Таза Қазақстан” акциясы аясында Сауранда 14 тонна қоқыс шығарылды

Кеше аудан көлемінде “Таза Қазақстан” эко акциясы аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенбілікке ауылдық округ тұрғындары мен мекеме қызметкерлері біркісідей атсалысып, жол жиектері мен көшелердегі қоқыс пен қалдықтарды шығарып, ауданның тазалығына өз үлестерін қосты.

Сенбілік жұмыстары барлық 12 ауылдық округінде және Шорнақ елді мекені, Кентоғай көшесі мен қосалқы жол бойында өтті. Аудан бойынша ұйымдастырылған сенбілік жұмыстарына — 186 адам қатысты. Нәтижесінде 14 тонна қоқыс шығарылып, оған 8 техника жұмылдырылды.

Бұл шара жолда жүрген жүргізушілер мен жолаушылар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға және жол жиегінің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталады. «Тазалық — денсаулық кепілі» екенін ұмытпауымыз керек. Сондықтан аудан тұрғындарына, өз аулаларыңызды таза ұстауға, тазалық шараларын сақтауға шақырамыз.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...