Шымкенттегі «KMG Supple Company» ЖШС-нің аумағында өрт: себептері мен салдары

Бүгін, 27 шілдеде Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы «Ордабасы» индустриялық аймағының аумағында техникалық газ күкірті тұтанып, өрт басталды. Өрт «KMG Supple Company» ЖШС-інің ашық алаңында сақталып тұрған күкірт қаптарын шарпыған.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Қазір Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков оқиға орнында.

Өртті жою үшін Төтенше жағдайлар департаментінің күштері жұмылдырылды: 84 қызметкер және 22 бірлік техника өртті сөндіру үшін жұмыс істеп жатыр.

Өртке оранған күкірт Шымкент мұнай өңдеу зауытынан шыққан.  Тараздағы «Қазфосфат» ЖШС-інің
минералды тыңайтқыштар зауытына тасымалдануы тиіс болған.

Өртті жоюға Орталық Медициналық комитет (3 қызметкер және 1 техника бірлігі), жергілікті атқарушы органдар (4 қызметкер), санитарлық-эпидемиологиялық қызмет (2 қызметкер және 1 техника бірлігі), сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметкерлері (2 қызметкер) де қатысып жатыр.

Жақын маңдағы аудандардың тұрғындарына терезелер мен есіктерді жауып, мүмкіндігінше сыртқа шықпауға және тыныс алу кезінде жеке қорғау құралдарын пайдалануға кеңес береміз.

Шымкент қаласының әкімдігі азаматтардың қауіпсіздігі үшін өртті сөндіру және оның салдарын жою кезінде Шаңырақ шағынауданы тұрғындарын эвокуациялау туралы шешім қабылдады.

Жағдай Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбековтің бақылауында, өртті толық сөндіру жұмыстары әлі де жүргізілуде.

x

Check Also

Шымкентте 2 мыңға жуық жұмыс орны ұсынылған еңбек жәрмеңкесі өтті

Шымкентте еңбек нарығындағы белсенділік артып келеді. Бүгін қаладағы Көрме орталығында «Еңбек – өмірдің тұтқасы» атты кең ауқымды бос жұмыс орындары ...

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...