Биыл «Серпін-2050» бағдарламасымен 4 мың түлек жоғарғы оқу орнына түсе алады — Xnews — ақпарат агенттігі

Биыл «Серпін-2050» бағдарламасымен 4 мың түлек жоғарғы оқу орнына түсе алады

2014 жылы іске қосылған «Серпін-2050» бағдарламасы он жыл ішінде талай жастың жоғарғы оқу орнына түсуіне септігін тигізген ауқымды жоба. Биылғы жылы да еліміздің халқы тығыз орналасқан оңтүстік өңірлерінен солтүстіктегі облыстарға білім аламын деушілерге 4 мың грант бөлініп отыр,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда бағдарламаны түсіндіру мақсатында Түркістан облысында «Жоғары білім» атты көрме өтіп жатыр. Шараға мектеп түлектері қатысып, еліміздің теріскейіндегі 23 жоғарғы оқу орнының бірінде студент атануына мүмкіндігі бар. Оқу гранттарының 2 500-ден астамы — педагогика бағытында болса, 700-ге жуығы — инженерлік өңдеу және құрылыс саласы.

Сонымен қатар, 300 грант — IT саласына бөлінсе, 70-ке жуық грант — ауылшаруашылығы және биоресурстар бағытында.

Айта кетейік, 2023 жылы «Серпін — 2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша республикаға бөлінген 3 653 гранттың 983-не Түркістан облысының талапкерлері ие болған. Сонымен қатар, серпіндіктердің 70-90 пайызы тұрақты жұмыс орнына орналасқан.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...