Сауран ауданының орталығында спорт кешенінің құрылыс жұмыстары басталды

Сауран ауданында салауатты өмір салтын қалыптастырып, бұқаралық спортты дамыту мақсатында салынып жатқан спорттық нысандардың саны артып келеді. Сондай спорт кешендерінің бірі Шорнақ елді мекенінде бой көтеріп жатыр.

Спорт кешінінің жалпы сыйымдылығы ауысымына 136 адамды қамтиды. Екі қабатты спорт кешенінің бірінші қабатында 80 адам, оның ішінде ойынға арналған спорт залында ауысымында 48 адам жаттыға алады. Екінші қабатында орналасқан спорт алаңы бір ауысымында 56 адамды қамтымақ. Спорттық жарыстарды тамашалау үшін 70 орындық жанкүйерлерге арналған орын бар.

Спорт орталығында бокс, дзюдо, үстел теннисі, баскетбол, еркін күрес және басқа да спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік бар. Бұл орталық келушілердің ыңғайлылығы үшін киім ауыстыруға, душ қабылдауға арналған және бапкерлер мен медбикелерге арналған арнайы бөлмелермен қамтамасыз етілген. Жалпы, 1 гектар жерге орналасқан спорт кешінінің құрылысын «Дос и К сервис» ЖШС жүргізуде.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...