Отырарда «Жайлы мектеп» жобасының құрылысы бақылауда

Отырар ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан мектептің құрылысы қарқынды жүріп жатыр,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ж.Сейтжанов, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы М.Есінбек Шәуілдір ауылында салынып жатқан жайлы мектеп құрылысының жоспарлы орындалу барысын бақылады.

Білім алушы жас ұрпаққа барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында заманауи талаптарға сәйкес келетін мектеп құрылысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қаржыландыруымен Шәуілдір ауылында бой көтеруде. Құрылыс жұмыстары өткен жылы басталған 600 орындық мектеп ғимаратының құрылысы мердігер «Integra Construction KZ» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Өндірістік кестеге сәйкес, бүгінгі таңда жұмыстар қарқын алып, үшінші қабатта құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Өңір басшысының тікелей бақылауындағы жобаның маңыздылығына айрықша тоқталған Жансұлтан Әділжанұлы мектептің құрылыс жұмыстарын тиісті мерзімде аяқтауды, өндірістік кестеге сәйкес жұмыстардың сапалы жүргізілуін ұсынды.

Айта кетейік, «Жайлы мектеп» жобасы аясында барлық мектептер бірыңғай стандартқа сай салынып, заманауи техникамен жабдықталады. Балаларды дамыту үшін қосымша мүмкіндіктерге ие болады.

x

Check Also

Шымкентте мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын меңгерді

AMANAT партиясының бастамасымен елімізде білім беру саласын цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. ...

Арыс қаласында жаңа «Келешек мектебі» ашылып, үш мектептің мәселесін шешті

Арыс қаласының Тараз мөлтек ауданында жаңа №2 «Келешек мектебі» өз жұмысын бастады. Заманауи білім ордасының ашылуы қаладағы үш мектептегі орын ...