Түркістан облысының сыртқы сауда айналымы 550 млн долларға жуықтаған — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысының сыртқы сауда айналымы 550 млн долларға жуықтаған

2024 жылдың 6 айында Түркістан облысының сыртқы сауда айналымы 549,4 млн. АҚШ долларын құраған,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Былтырғы жылмен салыстырғанда тауар айналым көрсеткіші 80,1 млн. АҚШ долларына көбейген. Өңірдің негізгі сауда серіктестерінің көшін Өзбекстан елі бастаса, Түркіменстан екінші орында. Бұл жайында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ерлан Тұрысов брифингте мәлімдеді.

«Облыстан негізі экпортталатын тауарлар қатарында мақта, ет, көкөніс және қант өнімдері бар. Ал, импорт құрылымында негізгі көрсеткіштерді көкөніс, жеміс-жидек пен автокөлік бөлшектері құрап отыр»- деді департамент басшысының орынбасары.

Сонымен қатар, спикер кедендік бақылау бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар жайында да айтты. Осы жылдың 6 айында 3746 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, 155,2 млн.теңге айыппұл салынған. Айта кетейік, бүгінгі таңда Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымында 8 кеден бекеті және 2 өткізу пункті бар.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкентте Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасында қырғыз делегациясымен ауқымды кездесу өтті. Жиынға Қырғызстан Республикасы Экономика министрлігінің басқарма басшысы Искандербек Маматов, Кәсіпкерлер палатасының ...

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...