Сайрамдық 100 бала «Гавая» жазғы сауықтыру лагеріне жіберілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Сайрамдық 100 бала «Гавая» жазғы сауықтыру лагеріне жіберілді

Балалардың жазғы демалысының бесінші ауысымы басталды. Осы орайда, Сайрам ауданының 100 баласы «Гавая» жазғы сауықтыру лагеріне демалысқа жіберілді. Аудандық білім бөлімінің қызметкерлері оқушылардың жол қауіпсіздігін сақтай отырып, демалыс орнына жеткізді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры есебінен биыл жалпы 300 балаға тегін жолдама беріліп, қуаныш сыйлады. Олардың ішінде республикалық, облыстық олимпиада жеңімпаздары, спорт, өнер жарыстарының жүлдегерлері мен өзге де үздіктер бар.

Бұдан бөлек, қайырымдылық қорының демеушілігімен жаз маусымының 4 ауысымында Түлкібас ауданына қарасты Машат елді мекенінде орналасқан «Машат Арасан» жазғы сауықтыру лагерінде 200 оқушы тынығып қайтты.

Қазіргі таңда Арыс ауылдық округіне қарасты бөліміне тиесілі №1 Оқушылар үйіне қарасты жазғы сауықтыру лагерінің төртінші ауысымына 314 бала қабылданды. Биыл 7 ауысымда 2198 баланы демалдыру жоспарланса, қазір оның 1256-ы қамтылған.

x

Check Also

Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесіп, жеке ...

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...