ІІ деңгейлі комиссия 57 құжатты кері қайтарған — Xnews — ақпарат агенттігі

ІІ деңгейлі комиссия 57 құжатты кері қайтарған

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков орынбасары Мекенхан Қырықбаевтың жетекшілігіндегі салалардың жұмысын саралады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Эльмира Бейсенова атқарылған жұмыстарды баяндап, тапсырмалардың орындалуы жөнінде есеп берді.

2024 жылдың ІІ-тоқсанында қала бойынша атаулы әлеуметтік көмекке 2237 құжат ұсынылған. 1300 құжат мақұлданып, 623 өтінішке бас тартылған. ІІ деңгейлі комиссия мұқтаждықты анықтау үшін аралау барысында бірқатар заңсыздықтарды анықтап, 57 құжатты кері қайтарған. Баяндамашы әсіресе, табысты азайтып көрсету мақсатында құжатқа отбасы мүшелерін толық енгізбеу дерегі жиі ұшырасқанын, мекенжайын бұрмалаған жағдайлар да кездескенін атап өтті.

Түркістан қалалық Мансап орталығының басшысы Нұрсұлтан Жүсіпбаев өңірлік картаның іске асырылу кестесін ұсынды. Жұмыссыз азаматтарды “Еңбек” бағытындағы белсенді шараларға қатыстырудың жылдық межесін 6889-ға жеткізу көзделсе, қазіргі таңда бұл көрсеткіш нақты 3595 азаматты құраған.

Қала әкімі орталық басшысына жұмыссыздық деңгейін төмендету — жылдық межені орындаумен шектелмеуі тиіс екенін ескертті.

Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласының есебіне қатысты да бірқатар ескерту беріліп, мекеме басшыларына тапсырмалар бекітілді.

Айтылған кемшіліктерді жоюға мерзім белгіленді, мекеме басшыларына маусым айының соңына дейін қайта есеп ұсыну тапсырылды.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...